Ardingly Astana бастауыш мектебі – балалар қызығушылықпен, сеніммен және өз бетінше білім алатын орта. Біз алғашқы оқу жылдарынан бастап, олардың білуге құштарлығын қолдаймыз: сұрақ қоюға, идеяларды зерттеуге және қоршаған әлемді тереңірек түсінуге ынталандырамыз.

Біз оқушылардың білімге деген қызығушылығын жоғары бағалайтын, жаңа міндеттерді жан-жақты даму мүмкіндігі ретінде қабылдайтын, ал қателіктерді оқу үдерісінің табиғи бөлігі ретінде қарастыратын ортаны қалыптастырамыз. Балалар біртіндеп жаңа нәрселерді байқап көреді, түрлі тапсырмаларды шешуді үйренеді және өз күшіне деген сенімін нығайтады.

Халықаралық Кембридж оқу бағдарламасы берік академиялық негіз қалыптастырып, балалардың дүниетанымын кеңейтеді, оларға әртүрлі мәдениеттерді түсінуге және заманауи әлемде еркін бағдар табуға көмектеседі.

1-негізгі кезең

1–2 сыныптар 5–7 жас

1-негізгі кезеңде балалар практикалық жұмыстар, зерттеу және ортақ жобалар арқылы білім алады, оқу, жазу және математика бағыты бойынша біртіндеп берік негіз қалыптастырады.

Сабақтар оқушыларға оқуға деген қызығушылықты және өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі. Олар қарапайым тәжірибелер арқылы жаратылыстану ғылымдарымен танысады, тақырыптық сабақтар аясында тарих пен географияны оқиды, сондай-ақ, өнер, музыка және дене шынықтыру сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Бұл жаста мұқият тыңдай білу, сұрақ қою, командада жұмыс істеу және өз еңбегінің нәтижесін көре білу секілді маңызды дағдылар қалыптасады.

2-негізгі кезең

3–6 сыныптар 7–11 жас

2-негізгі кезеңде оқушылар өз бетінше жұмыс істеуді үйреніп, оқуына көбірек жауапкершілік ала бастайды. Оқу бағдарламасы мазмұндырақ бола түседі, ал тапсырмалар тереңірек талдауды, ойлануды және өз бетінше жұмыс істеуді талап етеді.

Балалар мәтіндермен тереңірек жұмыс істеуді үйренеді, өз ойларын жазбаша түрде сенімді әрі әсерлі жеткізе бастайды, сондай-ақ, барған сайын күрделене түсетін есептерді шешу кезінде математикалық білімдерін қолданады. Жаратылыстану ғылымдары сабақтарында олар қоршаған әлем туралы білімдерін кеңейтіп, зерттеу дағдылары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Жобалық жұмыстарға, зерттеулерге және ортақ тапсырмаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл қарым-қатынас жасау дағдыларын, шығармашылық тұрғыдан ойлау, командада жұмыс істеу қабілетін және жаңа сын-қатерлерді сенімді түрде еңсеру машықтарын дамытуға көмектеседі.

6-сыныптың соңына қарай, оқушылар өзіне сенімді әрі дербес тұлға ретінде қалыптасып, берік академиялық негізге ие болады және орта мектептегі келесі оқу кезеңіне өтуге дайын болады.