Ardingly College тарихы
1858 жылы негізі қаланған Ardingly College Ұлыбританиядағы жетекші тәуелсіз мектептердің бірі болып саналады. Өзінің 165 жылдан астам тарихы барысында колледж жоғары академиялық стандарттарымен, әрбір оқушыға деген қамқор көзқарасымен және білім берудегі заманауи ұстанымымен кеңінен танылды.
Батыс Сассекс графтығында орналасқан Ardingly College-де 1 000-нан астам оқушы білім алады. Мектеп IGCSE, A Level, BTEC және Халықаралық бакалавриат (IB Diploma Programme) бағдарламаларын ұсынады. Білім ордасы тұрақты түрде жоғары академиялық нәтижелер көрсетіп келеді және IB бағдарламасы бойынша, Ұлыбритания мен әлемдегі үздік мектептердің қатарында.
Ardingly мектебіндегі білім жүйесі тек академиялық жетістіктермен шектелмейді. Оқу орны оқушылардың әл-ауқатына, кәсіби бағдарына және мектептен кейінгі өмірге дайындығына ерекше көңіл бөледі.
Ardingly мектебі өзінің білім беру философиясына сай, жоғары академиялық нәтижелер тұлғалық даму, білуге құштарлық пен өзіне деген сеніммен қатар жүруі тиіс деген қағиданы ұстанады.
Ardingly College оқу орнының Қазақстандағы тұңғыш филиалы ретінде, Ardingly Astana британдық білім жүйесінің үздік дәстүрлерін жалғастыра отырып, мектептің бай мұрасын заманауи оқыту тәсілдерімен және оқушыларды болашаққа дайындау жұмыстарымен үйлестіреді.
