Ardingly Astana
стипендиялық бағдарламасы

Ardingly Astana мектебіндегі стипендиялық бағдарлама академиялық әлеуеті жоғары, дарынды және оқуға ынтасы мол оқушыларға арналған.

2026–2027 оқу жылында 7–10 сыныптарға түсетін оқушылар үшін жартылай гранттар қарастырылған. Үміткерлер жақсы академиялық нәтижелерге қолжеткізіп, ағылшын тілін кемінде Upper-Intermediate деңгейінде меңгерулері тиіс.

Стипендиялар бағалау, тестілеу және сұхбат нәтижелері бойынша, конкурс негізінде тағайындалады.

Іріктеу процесі және негізгі күндер

2026 ж. 25 наурызға дейін

Өтінім беру

26 наурыз – 3 сәуір 2026

Онлайн CAT4 тесті

11 сәуір 2026

Стипендия алу үшін қабылдау емтихандары (ағылшын тілі және математика)

25 сәуір 2026

Қорытынды сұхбат

30 сәуір 2026

Нәтижелерді жариялау

Стипендия критерийлері, талаптары және өтінім беру процесі туралы толық ақпарат Гранттар саясаты бөлімінде қолжетімді.