Ardingly Astana мектебі
Kaz
  • Rus
  • Eng
Rus Kaz Eng
  • Біз туралы
    • Директордың алғысөзі
    • Ardingly College тарихы
    • Ardingly Astana
    • World Ready тәсілі
    • Миссия, көзқарас және құндылықтар
    • Камқоршылық кеңес
    • Мектеп басшылығы
    • Оқытушылар құрамы
    • Мектеп саясаты
    • Мансап
  • Академиялық бағдарлама
    • Шолу
    • Бастауыш мектеп
    • Орта мектеп
    • Жоғары мектеп
    • IGCSE
    • A Level
    • Ағылшын тілі қосымша тіл ретінде (EAL)
  • Мектеп өмірі
    • Оқушылардың әл-ауқаты мен қолдау түрлері
    • Қосымша сабақтар
    • Біздің кампусымыз
    • Мектеп формасы
    • Тамақтану
    • Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығы
  • Оқуға түсу
    • Оқуға түсу процесі
    • Оқу ақысы
    • Стипендиялар
    • Академиялық күнтізбе
    • Жиі қойылатын сұрақтар
  • Жаңалықтар мен оқиғалар
  • Байланыстар
    • Байланыс ақпараты
    • Сұрау жолдау
    • Алаңдарды жалға беру

Мектеп басшылығы

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Мектеп басшылығы
Даррен Джонс

Даррен Джонс

Құрылтайшы директор
Дэвид Пэджет

Дэвид Пэджет

Бастауыш мектептің жетекшісі
Кристофер Гриффин

Кристофер Гриффин

Орта мектептің жетекшісі
Шагуфта Хан

Шагуфта Хан

Жаратылыстану пәнінің мұғалімі, Key Stage 3 негізгі кезеңінің жетекшісі
Лаура Мылтықбаева

Лаура Мылтықбаева

Бас директордың орынбасары
+7 (700) 317-1111
admissions@ardingly.edu.kz

Ardingly Astana
Астана қ., Е511 көш., 28

Қабылдау комиссиясы
Уақытша мекенжайы:
Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13а

Сілтемелер

  • Басты бет
  • Оқуға түсу
  • Академиялық бағдарлама
  • World Ready тәсілі
  • Біздің кампусымыз
  • Алаңдарды жалға беру
  • Біздің проспект
  • Бізге хабарласыңыз

Байланыс

Құпиялылық саясаты © Ardingly Astana 2026
Интернет Решения құрастырған

Даррен Джонс

Құрылтайшы директор

Даррен Джонс – Ұлыбритания, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің алдыңғы қатарлы мектептерінде 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті маман.

Ол білім берудегі көшбасшылық бағыты бойынша магистр дәрежесіне және PGCE (Postgraduate Certificate in Education) педагогикалық біліктілігіне ие. Сонымен қатар, джаз, заманауи және эстрадалық музыка саласын үздік дәрежемен (GCLCM) тәмамдаған.

Даррен Ұлыбританиядағы жетекші кәсіби ұйымдардың мүшесі болып табылады, олардың қатарында, Корольдік өнер қоғамы (Royal Society of Arts), Chartered College of Teaching және Chartered Institute of Management бар.

Өзінің еңбек жолында ол мектептерде басшылық қызметтер атқарып, білім беру бағдарламаларын дамытуға және академиялық сапа мен оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған мектеп ортасын қалыптастыруға үлес қосқан.

Даррен Джонс

Дэвид Пэджет

Бастауыш мектептің жетекшісі

Дэвид Пэджет – Ұлыбритания, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегі халықаралық мектептерде 10 жылдан астам тәжірибесі бар бастауыш білім беру саласының жетекшісі.

Ardingly Astana мектебіне келгенге дейін, ол Каир қаласындағы Modern English School мектебінде бастауыш мектеп басшысының орынбасары қызметін атқарып, оқу үдерісін ұйымдастыруға, бағалау жүйесіне, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мектептің есептілігіне жауапты болды.

Дэвид өзінің еңбек жолын Ұлыбританияда бастап, кейін, Моңғолия мен Мысырдағы халықаралық мектептерде жұмысын жалғастырған.

Ол Плимут университетінің әлеуметтік тарих саласындағы магистр дәрежесіне, PGCE педагогикалық біліктілігіне және мектеп көшбасшылығы саласындағы ұлттық кәсіби біліктілікке (NPQSL) ие.

Дэвид Пэджет

Кристофер Гриффин

Орта мектептің жетекшісі

Кристофер Гриффин – білім беру және мектеп көшбасшылығы саласында Ұлыбританияда және басқа елдерде 20 жылдан астам тәжірибесі бар маман.

Ardingly Astana мектебіне келгенге дейін, ол Каирдегі орта мектеп жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, директордың орынбасары, жоғары мектеп жетекшісі және шығармашылық бағыттар жөніндегі директор лауазымдарында жұмыс істеген.

Ол Плимут университетінің музыка пәні бойынша бірінші дәрежелі үздік дипломына және PGCE педагогикалық біліктілігіне, сондай-ақ, Бекингем университетінің мектеп көшбасшылығы және басқару саласы бойынша үздік магистр дәрежесіне ие.

Кристофер Гриффин

Шагуфта Хан

Жаратылыстану пәнінің мұғалімі, Key Stage 3 негізгі кезеңінің жетекшісі

Шагуфта Хан – Қазақстандағы халықаралық мектептерде 11 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі педагог әрі басшы.

Ол Ұлыбританияның білікті мұғалімі, биохимия мамандығы бойынша жоғары дәрежеге және Рохэмптон университетінің (University of Roehampton) білім беру көшбасшылығы бағыты бойынша магистр дәрежесіне ие.

Ardingly Astana мектебінде Шагуфта Key Stage 3 кезеңіне (7-9 сыныптар) жетекшілік етеді және жаратылыстану пәнінен сабақ береді. Ол орта мектеп оқушыларының академиялық және тәрбиелік дамуына жауап беріп, олардың табысты білім алуына жағдай жасайды.

Шагуфта оқушылардың білуге құштарлығын, аналитикалық ойлау қабілетін және пәнді терең түсінуін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, әрбір баланың өз әлеуетін аша алатын қолдаушы әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға ұмтылады.

Шагуфта Хан

Лаура Мылтықбаева

Бас директордың орынбасары

Лаура Мылтықбаева Ardingly Astana мектебінің академиялық бағытына жетекшілік етеді және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселесіне жауап береді.

Өз еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, кейін білім беру жобаларын басқару саласына ауысқан.

Ол «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білім алған, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне және Шеффилд университетінің менеджмент және мемлекеттік саясат саласындағы магистр дәрежесіне ие. Оның кәсіби тәжірибесі педагогикалық қызмет пен білім беру саласындағы басқарушылық сараптаманың үйлесімінен тұрады.

Лаура Мылтықбаева