Болашақ өмірге
дайындайтын
білім

Оқушыларымыз қадам басатын әлем қарқынды түрде өзгеруде. Технологиялар, жаһандық сын-қатерлер мен жаңа әлеуметтік үрдістер өмір сүру, оқу және жұмыс істеу тәсілдерін өзгертуде. Академиялық нәтижелер маңызды болғанымен, олар сапалы білімнің тек бір бөлігі ғана.

World Ready қағидаты Ardingly Astana мектебіндегі білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол тек академиялық біліммен шектелмей, оқушылардың болашақта табысқа жетуіне қажетті білімін, өмірлік дағдылары мен тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Біз бұл тәсілді
World Ready
деп атаймыз

Сонымен қатар, біз балалардың өз мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуіне ерекше мән береміз. Осылайша, олар өзіне сенімді әрі жан-жақты тұлға болып қалыптасады.

Мектепті аяқтаған кезде, түлектеріміз жоғары академиялық нәтижелерге ғана емес, сонымен қатар, жауапкершілік алуға, өзгерістерге бейімделуге және қоршаған әлемнің дамуына саналы түрде үлес қосуға дайын болады.

World Ready философиясы бір-бірімен өзара байланысты алты негізгі бағытқа негізделген.

World Ready-дің алты бағыты

Аталған бағыттар мектеп өмірінің барлық аспектілерінде көрініс табады: сабақтарда, жобаларда, спортта, қоғамдық жұмыстарда және көшбасшылық тәжірибеде. Мектепті аяқтаған кезде оқушылар жоғары академиялық нәтижелерге қолжеткізіп қана қоймай, өзгермелі ортаға бейімделе алатын, жауапкершілікпен әрекет ететін және қоғамның дамуына саналы түрде үлес қосуға дайын тұлға болып қалыптасады.

Shaping
My World –
Бастауыш мектеп

Оқушылар World Ready бағдарламасын бес жастан бастайды. Қолдаушы әрі шабыттандыратын ортада олар әлемді зерттеуді, сұрақ қоюды және білім алуға деген сүйіспеншілікті дамытуды меңгереді.

Қоршаған ортаны танып-білу арқылы балалар шығармашылық тұрғыдан ойлауды, батыл әрекет етуді және мейірімді болуды үйренеді.

Жасы кіші оқушылар үшін World Ready бағдарламасы Shaping My World форматында бейімделген. Ол төрт негізгі қасиетке негізделген:

Батыл бол
Жаңа нәрселерді сенімді түрде байқап көр және қиындықтарды еңсер
Білуге құштар бол
Сұрақ қой және көбірек білуге ұмтыл
Жомарт бол
Өзгелерге көмектесіп, қамқорлық таныт
Тапқыр бол
Шығармашылық шешімдер тауып, жаңа тәсілдерді ізде

Бұл құндылықтар күнделікті оқу үдерісіне енгізілген және мектептегі алғашқы жылдан бастап балалардың өзіне деген сенімін, мінез-құлқын және білімге деген сүйіспеншілігін дамытуға көмектеседі.

Бастауыш мектептегі мақсатымыз

Біз:

  • Әрбір оқушы үшін қамқорлыққа негізделген және қолдау көрсететін орта құруға
  • Әр баланың академиялық әлеуетін ашуға көмектесуге
  • Қызығушылықтары мен сыныптан тыс әуестіктерін дамытуға
  • Бастамашылдық пен дербестіктің бастапқы дағдыларын қалыптастыруға
  • Балаларға қоғамды және ондағы өз орнын түсінуге көмектесуге
  • Жергілікті және халықаралық тәжірибе арқылы дүниетанымын кеңейтуге
  • Құрмет, мейірімділік, табандылық және ынтымақтастық құндылықтарын сіңіруге ұмтыламыз

Ardingly Astana мектебіндегі World Ready жай ғана оқу бағдарламасы емес. Оның мақсаты – мектептен тыс өмірге дайын, өздігінен ойлай білетін, өзіне сенімді және өмірге бейім балаларды тәрбиелеу.