Ardingly Astana мектебі
Kaz
  • Rus
  • Eng
Rus Kaz Eng
  • Біз туралы
    • Директордың алғысөзі
    • Ardingly College тарихы
    • Ardingly Astana
    • World Ready тәсілі
    • Миссия, көзқарас және құндылықтар
    • Камқоршылық кеңес
    • Мектеп басшылығы
    • Оқытушылар құрамы
    • Мектеп саясаты
    • Мансап
  • Академиялық бағдарлама
    • Шолу
    • Бастауыш мектеп
    • Орта мектеп
    • Жоғары мектеп
    • IGCSE
    • A Level
    • Ағылшын тілі қосымша тіл ретінде (EAL)
  • Мектеп өмірі
    • Оқушылардың әл-ауқаты мен қолдау түрлері
    • Қосымша сабақтар
    • Біздің кампусымыз
    • Мектеп формасы
    • Тамақтану
    • Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығы
  • Оқуға түсу
    • Оқуға түсу процесі
    • Оқу ақысы
    • Стипендиялар
    • Академиялық күнтізбе
    • Жиі қойылатын сұрақтар
  • Жаңалықтар мен оқиғалар
  • Байланыстар
    • Байланыс ақпараты
    • Сұрау жолдау
    • Алаңдарды жалға беру

Камқоршылық кеңес

  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Камқоршылық кеңес

Мектептің стратегиялық көзқарасы мен даму бағыттарын қалыптастыруға өздерінің білімімен, тәжірибесімен және құнды ұсынымдарымен үлес қосып жүрген Ardingly Astana Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен танысыңыздар.

Алистер Бартоломью

Алистер Бартоломью

Қамқоршылар кеңесінің төрағасы; Primus Education президенті
Әсел Сүгірбаева

Әсел Сүгірбаева

Primus Education компаниясының бас директоры
Даррен Джонс

Даррен Джонс

Құрылтайшы директор
Көбей Жаңбыршы

Көбей Жаңбыршы

Primus Capital компаниясының бас директоры
Роджер Холланд

Роджер Холланд

Gryphon Holdings Plc компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі
Ховард Буллок

Ховард Буллок

Mark Brooks Education консультанты
Джейми Лардж

Джейми Лардж

Ardingly College International директоры
Том Скалли

Том Скалли

Ardingly College операциялық директоры
Айбек Досымбеков

Айбек Досымбеков

Ardingly Astana бас директоры
Стефан Дэвид

Стефан Дэвид

Ardingly College International директорлар кеңесінің мүшесі
+7 (700) 317-1111
admissions@ardingly.edu.kz

Ardingly Astana
Астана қ., Е511 көш., 28

Қабылдау комиссиясы
Уақытша мекенжайы:
Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13а

Сілтемелер

  • Басты бет
  • Оқуға түсу
  • Академиялық бағдарлама
  • World Ready тәсілі
  • Біздің кампусымыз
  • Алаңдарды жалға беру
  • Біздің проспект
  • Бізге хабарласыңыз

Байланыс

Құпиялылық саясаты© Ardingly Astana 2026
Интернет Решения құрастырған

Алистер Бартоломью

Қамқоршылар кеңесінің төрағасы; Primus Education президенті

Алистер Бартоломью білім беру саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман. Ол Ұлыбританияның жетекші және халықаралық білім беру ұйымдарында басшылық лауазымда жұмыс істеген. Атап айтқанда, әлемнің түрлі елдерінде президент, бас атқарушы директор, операциялық директор, өңірлік директор, білім беру жөніндегі директор және мектеп басшысы қызметтерін атқарған.

Орталық Азияда Алистер Ardingly, Haileybury және Coventry University брендтеріне қатысты білім беру жобаларын дамытуға қатысқан. Сонымен қатар, ол Азия елдеріндегі GEMS, Dulwich, Beaconhouse және Tenby халықаралық білім беру топтарында жетекшілік қызметтер атқарған.

Соңғы 19 жыл бойы ол білім беру ұйымдарының стратегиялық дамуына, халықаралық серіктестіктер құруға және жаңа білім беру жобаларын жүзеге асыруға маманданған. Ол мемлекеттік органдармен және білім беру министрліктерімен тығыз жұмыс істеу тәжірибесіне ие, сондай-ақ, жобаларды әзірлеу тұжырымдамасынан бастап, олардың сәтті жүзеге асырылуына дейінгі барлық кезеңде жетекшілік еткен.

Алистер Ardingly Astana Қамқоршылық кеңесінде басқару, халықаралық мектептерді дамыту және жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағыттарындағы мол тәжірибесі мен сараптамалық білімін ұсынады.

Алистер Бартоломью

Әсел Сүгірбаева

Primus Education компаниясының бас директоры

Әсел Сүгірбаева – халықаралық білім беру және стратегиялық даму саласындағы тәжірибелі басшы. Оның кәсіби тәжірибесі білім беру, инвестициялық саясат және бизнесті дамыту бағыттарын қамтиды.

Ол Қазақстандағы халықаралық білім беру жобаларын құру және дамыту жұмыстарына қатысып, серіктестік қатынастарды қалыптастыру, операциялық басқару және стратегиялық даму салаларындағы тәжірибесін тиімді қолданған. Білім беру саласына келгенге дейін, банк секторында жұмыс істеп, кейін инвестициялық саясат пен шетелдік инвестицияларды тарту бағытында қызмет атқарған.

Әсел Asia School of Business (MIT Sloan серіктестігімен) бағдарламасы бойынша MBA дәрежесіне, Nanyang Technological University оқу орнының халықаралық саяси экономика магистр дәрежесіне және Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие. Сондай-ақ, ҚазМЗУ-де экономика және бизнес саласы бойынша білім алған.

Әсел Сүгірбаева

Даррен Джонс

Құрылтайшы директор

Даррен Джонс – Ұлыбритания, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің алдыңғы қатарлы мектептерінде 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті маман.

Ол білім берудегі көшбасшылық бағыты бойынша магистр дәрежесіне және PGCE (Postgraduate Certificate in Education) педагогикалық біліктілігіне ие. Сонымен қатар, джаз, заманауи және эстрадалық музыка саласын үздік дәрежемен (GCLCM) тәмамдаған.

Даррен Ұлыбританиядағы жетекші кәсіби ұйымдардың мүшесі болып табылады, олардың қатарында, Корольдік өнер қоғамы (Royal Society of Arts), Chartered College of Teaching және Chartered Institute of Management бар.

Өзінің еңбек жолында ол мектептерде басшылық қызметтер атқарып, білім беру бағдарламаларын дамытуға және академиялық сапа мен оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған мектеп ортасын қалыптастыруға үлес қосқан.

Даррен Джонс

Көбей Жаңбыршы

Primus Capital компаниясының бас директоры

Көбей Жаңбыршы – инвестициялар, қаржы және бизнесті стратегиялық дамыту саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар басшы. Қазіргі сәтте, Primus Capital компаниясының бас директоры.

Бұған дейін, ол Қазақстанның ұлттық және жеке компанияларында, қаржы ұйымдарында және мемлекеттік құрылымдарында жетекшілік лауазымдарда жұмыс істеп, қаржылық реттеу, корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау салаларында қызмет еткен.

KIMEP University оқу орнының экономика магистрі дәрежесіне және халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие.

Көбей Жаңбыршы

Роджер Холланд

Gryphon Holdings Plc компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі

Роджер Холланд – жылжымайтын мүлік және корпоративтік басқару саласындағы сарапшы, Алматы қаласындағы Gryphon Holdings компаниясының негізін қалаушы әрі басқарушы серіктесі.

Оның консалтинг, брокерлік қызмет, жылжымайтын мүлікті басқару және бағалау бағытында мол тәжірибесі бар.

Роджер Халықаралық сауда кеңесінің мүшесі болып табылады. Ол University of Southampton оқу орнында әлеуметтік ғылымдар, бухгалтерлік есеп және статистика мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алған.

Роджер Холланд

Ховард Буллок

Mark Brooks Education консультанты

Ховард Буллок – білім беру саласында 10 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар маман. Ол Нигерияда, Қазақстанда және Малайзияда бастауыш және орта білім беру деңгейлерінде жетекшілік қызметтер атқарған.

Сонымен қатар, Нигериядағы жекеменшік мектептердің басқару кеңестерінің және Ұлыбританиядағы білім беру трастының құрамында болған.

Ховард француз, неміс, ағылшын тілдері мен тарих пәндерінің білікті оқытушысы. Ол Ұлыбританияның жетекші тәуелсіз мектептерінде (HMC/IAPS) және Таяу Шығыс елдерінің (COBIS/BSME) мектептерінде 20 жылдан астам уақыт сабақ берген.

Оның мектептерді дамыту, стратегиялық жоспарлау, маркетинг, кадрларды басқару және мектепті басқарудың басқа да бағыттарында мол тәжірибесі бар.

Ховард Буллок

Джейми Лардж

Ardingly College International директоры

Джейми Лардж – Ardingly College International директоры. Ол Ardingly халықаралық мектептері мен әлемнің түрлі елдерінде білім беретін серіктестерін дамытуға жауап береді.

Джейми колледждің халықаралық бағытын және серіктес ұйымдармен бірлесіп жаңа мектептерді құру жобаларын басқарады.

Бұған дейін, ол Ardingly College-де академиялық басшылық қызметтер атқарып, философия пәні мен таным теориясы курсына жетекшілік етті, сондай-ақ, Халықаралық бакалавриат бағдарламасының үйлестірушісі болды.

Джейми Лардж

Том Скалли

Ardingly College операциялық директоры

Том Скалли – сертификатталған бухгалтер және білім беру саласындағы тәжірибелі маман. Қазіргі уақытта, ол Ardingly College операциялық директоры қызметін атқарып, мектептің әкімшілік және операциялық қызметіне жетекшілік етеді.

Том өзінің еңбек жолын Йоркширдегі Deloitte компаниясында бастаған. Әр жылдары ол мектептерде, университеттерде, білім беру қауымдастықтарында, мемлекеттік құрылымдарда және кәсіби ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

Том Скалли

Айбек Досымбеков

Ardingly Astana бас директоры

Айбек Досымбеков – Қазақстандағы мектептерді басқару және дамыту саласында он жылдан астам тәжірибесі бар білім саласының жетекші маманы.

Ол тарих және психология мамандықтары бойынша білім алған. Сондай-ақ, оқу бағдарламаларын әзірлеу, қаржылық жоспарлау және деректерге сүйене отырып, мектепті басқару бағыты бойынша маманданған. Бұл жоғары академиялық нәтижелер мен оқушылардың табысқа жетуін қамтамасыз етеді.

Айбек АҚШ-та білім алған және білім беру саласына инновациялық тәсілдерді енгізуді көздейді.

Айбек Досымбеков

Стефан Дэвид

Ardingly College International директорлар кеңесінің мүшесі

Стефан Дэвид TiVo компаниясында Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша стратегия және бизнесті дамыту бағытына жетекшілік етеді. Сонымен қатар, ол бірнеше технологиялық стартаптар мен Ardingly College International директорлар кеңесінің мүшесі. Оның балалары 2013-2023 жылдары Ardingly College мектебінде білім алған.

Стефанның медиа, технологиялар және тұтынушылық электроника салаларында 25 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар. Түрлі жылдары ол Canal+, Liberty Global, Virgin Media, Liberty Latin America және Sky компанияларында жұмыс істеген және Canal+ Benelux компаниясының бас директоры қызметін атқарған.

Ол EDHEC бизнес мектебінің менеджмент магистрі дәрежесіне ие. Сондай-ақ, Сорбонна университетінде және IMD бизнес мектебінде білім алған.

Стефан Дэвид