Оқушылардың әл-ауқаты мен қолдау түрлері
Оқушылардың
әл-ауқаты мен қолдау түрлері
Ardingly Astana мектебінде оқушылардың әл-ауқаты мен жан-жақты дамуына қамқорлық жасау – мектеп өмірінің ажырамас бөлігі. Балалар өздерін қауіпсіз сезінгенде, оларды бағалап, түсінген кезде ғана, толықтай ашылады. Сондықтан, біздің жүйеміз әрбір балаға оқуда және жеке даму барысында қолдау көрсетуге бағытталған.
Шағын сыныптар мұғалімдерге әр оқушыны жақсы тануға және қажет болған жағдайда, дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Сынып жетекшілері оқушылармен сенімді қарым-қатынас орнатып, олардың дамуын тұрақты түрде қадағалайды әрі отбасы мен мектеп арасындағы негізгі байланыстырушы буын қызметін атқарады.
Біз үшін мектеп қауымдастығына тиесілілік сезімі ерекше маңызды. Үй жүйесі, командалық іс-шаралар және сыныптан тыс жұмыстар балаларға жаңа достар табуға, өзіне деген сенімділікті дамытуға және өздерін біртұтас мектеп қауымдастығының ажырамас бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі.
Біздің ұстанымымыз алдын-ала қолдау көрсетуге негізделген. Алғашқы күннен бастап, біз оқушыларға төзімділік, өзін-өзі тану және салауатты қарым-қатынас құру дағдыларын дамытуға көмектесеміз. Тұлғалық және әлеуметтік даму негіздері оқу процесі мен мектеп өміріне енгізіліп, эмпатия мен саналы шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады.
Біздің мақсатымыз – әрбір бала өзін сенімді сезінетін, үйлесімді дамитын, біртіндеп дербестікке қолжеткізіп, заманауи өмірге дайын тұлға болып қалыптасатын орта құру.
Денсаулық
және әл-ауқат
Ardingly Astana мектебінде оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатына ерекше көңіл бөлінеді. Мектепте медициналық кабинет жұмыс істейді, онда дәрігер мен медбике алғашқы медициналық көмек көрсетіп, балалардың денсаулық жағдайын бақылап, қажет болған жағдайда, бір күн бойы қолдау көрсетеді. Медициналық қызметкерлер мұғалімдермен тығыз байланыста жұмыс істеп, баланың денсаулығына қатысты кез-келген мәселелерді дер кезінде анықтап, шешуге көмектеседі.
Қажет болған жағдайда, оқушылар мектеп психологының көмегіне жүгіне алады. Мұндай қолдау әрдайым құпия түрде және әр баланың жеке жағдайына сай көрсетіледі. Бұл балаларға түрлі қиындықтарды еңсеруге және эмоционалдық тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.
Біз әрбір баланың мектепке көтеріңкі көңіл-күймен келуін, өзін жайлы сезінуін, оқуына және мектеп өміріне толықтай назар аударуын қалаймыз.
Шаңырақ
жүйесі
Шаңырақ жүйесі мектеп өмірінде және мектеп қауымдастығын қалыптастыруда маңызды орын алады. Мектепке келген алғашқы күннен бастап, әрбір оқушы төрт шаңырақтың біріне қосылады. Әр шаңырақ Қазақстанның көрнекті тұлғасының есімімен аталады және біздің қауымдастығымыздың болмысын айқындайтын көшбасшылық, білімге ұмтылыс, адалдық және қоғамға қызмет ету сияқты құндылықтарды дәріптейді.
Шаңырақ жүйесі әртүрлі сыныптағы оқушыларды біріктіріп, олардың достық қарым-қатынас орнатуына, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуына және академиялық, спорттық әрі мәдени іс-шаралар арқылы мектеп өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Бұл қолдау атмосферасын қалыптастырып, біртұтас мектеп қауымдастығына тиесілілік сезімін нығайтады.
Абай – ой толғау арқылы даналық
Ыбырай Алтынсарин – мақсаты мен мәні бар білім
Әл-Фараби – білімге ұмтылыс
Абылай хан – көшбасшылық пен батылдық
Оқушылар
кеңесі
Ardingly Astana мектебінде оқушылар Оқушылар кеңесі арқылы мектеп өміріне белсенді қатысып, өз идеяларын ұсынып, мектеп қауымдастығының дамуына үлес қоса алады. Кеңес мүшелері мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істейді, түрлі бастамаларды талқылайды және мектеп өмірін одан әрі жақсартуға атсалысады.
Оқушылар кеңесіне қатысу көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілікті және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, ол оқушыларды шешім қабылдауға және бастамашыл болуға үйретеді.