Астанада Ardingly Astana халықаралық мектебінің жаңа кампусы ашылды

Астана қаласында Ardingly Astana халықаралық мектебінің жаңа кампусы ашылды. Аталған оқу орны Primus Capital компаниясының еншілес ұйымы Primus Education мен британдық Ardingly College серіктестігі аясында құрылған.

Жаңа кампус – Primus Capital компаниясының заманауи оқу ортасын дамытуға және Қазақстанда халықаралық білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған кезекті жобасы.

Кампус 3,2 гектар аумақты қамтиды және 1 000 оқушыға есептелген. Жобаны әзірлеу барысында академиялық даярлық, тәжірибе жүзінде білім беру мен балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін заманауи оқу ортасын құруға ерекше көңіл бөлінді.

Кампус заманауи оқу сыныптары, арнайы STREAM-зертханалары, кітапхана, ұзындығы 25 метрлік бассейн, спорт залдары, театр, музыка және би студиялары, сондай-ақ, өнер және дизайн шеберханаларымен жабдықталған. Мектеп аумағында ашық спорт алаңдары мен оқушылардың демалуына арналған орындар да қарастырылған.

Кампустың жаңа мүмкіндіктері оқу және сабақтан тыс бағдарламаларды кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың академиялық білімін жетілдіруге, зерттеу жүргізу және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, сондай-ақ, физикалық тұрғыдан дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Астанадағы жаңа кампуспен танысқан Ardingly College International оқу орнының (Ұлыбритания) директоры Джейми Лардж мұндағы заманауи оқу ортасына жоғары баға беріп, британдық колледж бен Қазақстандағы мектеп арасындағы тығыз байланысты атап өтті.

«Осында келіп, Астанадағы жаңа кампусты тамашалау - мен үшін үлкен қуаныш. Ғимараттың жарыққа толы келбеті мен ерекше атмосферасы шынымен де таңғалдырады. Біз Астанадағы серіктес мектебімізбен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Мектеп кеңесінің жұмысына қатысып, оның басшылығымен апта сайын кездесулер өткіземіз. Онда оқыту, білім беру, тәрбие жұмысы және сыныптан тыс бағдарламаларға қатысты мәселелерді талқылаймыз. Біздің ынтымақтастығымыздың басты арқауы – Ardingly Astana мен Ұлыбританиядағы Ardingly College оқу орындарын байланыстыратын World Ready философиясы», деп атап өтті Ardingly College International директоры Джейми Лардж.

Ardingly Astana халықаралық білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

Ardingly Astana халықаралық білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды

IX Kazakhstan Global Investment Roundtable
Қауымдастық және хабарландырулар
Ardingly Astana жаңа кампусының ашылуына арналған Бейілділік бағдарламасы

Ardingly Astana жаңа кампусының ашылуына арналған Бейілділік бағдарламасы

Бағдарлама 2026-2027, 2027-2028 және 2028-2029 оқу жылдарының оқу ақысына қатысты арнайы шарттарды қ...
Қауымдастық және хабарландырулар
«Астана – балалардың көзімен»: Ardingly Astana шығармашылық фестивалі

«Астана – балалардың көзімен»: Ardingly Astana шығармашылық фестивалі

25 шілде күні Samal Park-та Ardingly Astana ұйымдастырған "Астана – балалардың көзімен" атты о...
Қауымдастық және хабарландырулар
Ardingly Astana мектебінде дәстүрлі Ardingly's Got Talent өтті

Ardingly Astana мектебінде дәстүрлі Ardingly's Got Talent өтті

Ardingly Astana мектебінде жыл сайын өткізілетін Ardingly's Got Talent шығармашылық байқауы өтті.
Қауымдастық және хабарландырулар
Ardingly Astana мектебінде Speech Day & Prize Giving салтанаты өтті

Ardingly Astana мектебінде Speech Day & Prize Giving салтанаты өтті

Оқу жылының аяқталуына орай Ardingly Astana мектебінде дәстүрлі Speech Day & Prize Giving салтан...
Қауымдастық және хабарландырулар
Бала тәрбиесі туралы әңгіме: Наталья Ремишпен кездесу

Бала тәрбиесі туралы әңгіме: Наталья Ремишпен кездесу

Ardingly Astana мектебінде ата-аналармен арнайы кездесу өтті.
Сыныптан тыс шаралар
Біздің оқушымыз Ералы Жолжақсы UK First Lego League Championship жарысының абсолютті чемпионы атанды

Біздің оқушымыз Ералы Жолжақсы UK First Lego League Championship жарысының абсолютті чемпионы атанды

Қауымдастық және хабарландырулар