Ardingly Astana мектебінің дарынды оқушыларына арналған гранттар
Астанадағы Беделді Британдық Мектеп
Үміткерлерден өтінімдер 2024 жылдың 12 шілдесіне дейін қабылданады
Үміткерлерден өтінімдер 2024 жылдың 12 шілдесіне дейін қабылданадыГранттар Кэмбридж оқу бағдарламасына сай, 4-6 сыныпқа түсетін 8-10 жас аралығындағы оқушыларға ерекше академиялық жетістіктері мен спорт және шығармашылықтағы үздік нәтижелері үшін беріледі. Гранттар жыл сайын беріледі.
Жоғары академиялық нәтижелер бойынша грант, оқушының оқу үлгерімі жайлы есептері мен сынақ қорытындыларына сай тағайындалады. Музыка саласында грант беру шешімі тыңдау және өтінімдерді қарау негізінде қабылданады. Сондай-ақ, би, спорт сияқты салаларда ерекше дарындылығымен көзге түскен балаларға гранттар өтінімді сараптау нәтижесінде және тиісті пәндер бойынша үздік жетістіктерін растаған жағдайда ұсынылады.
Грант алу байқауы 5 кезеңнен тұрады
  1. 2024 жылғы 12 шілдеден кешіктірмей, грантқа үміткер балалардың ата-аналары/қамқоршылары өтінімді толтырады және қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсырады.
  2. Үміткерлер сынақтан өтеді, 20 шілде күні олардың дағдылары бағаланады.
  3. Алдын-ала тізімге іліккен үміткерлермен мектеп директоры сұхбаттасады.
  4. Үміткерлердің ата-аналарын/қамқоршыларын қаралған өтінім нәтижелері туралы хабардар етеді.
  5. Келісімдерге қол қою.
Өтінімдер admissions@ardingly.edu.kz электрондық поштасы, сондай-ақ, Қабанбай батыр даңғылы, 15/1, «Q2» бизнес орталығы, 2-қабат мекен-жайында орналасқан Ardingly Astana мектебінің құжат қабылдау бөлімінде қабылданады
Ұлыбританиядағы Ardingly туралы
Ardingly - 1858 жылы Ұлыбританияда негізі қаланған, беделді, тәуелсіз, аралас мектеп. Мектеп 2 - 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге жоғары сапалы білім береді.
Ұлыбританиядағы IB бағдарламасы бойынша ең үздік 10 мектептің және осы бағдарлама бойынша әлемдегі ең үздік 20 мектептің қатарына кіретін Ardingly A-level деңгейіндегі емтихан нәтижелері бойынша Ұлыбританиядағы ең үздік 50 тәуелсіз мектептің қатарына кіреді. Мектеп түлектері ел ішінде де, шетелде де бірінші немесе екінші таңдаулы университеттерге түсудің әсерлі жүз пайыздық табыстылығын көрсетуде. Мектептің білім беру бағдарламасы оқушыларды әлем азаматтары ретінде табысты мансап пен өмірге дайындай отырып, жаһандық көзқарас арқылы белсенді өмірлік ұстанымды дамытуға бағытталған.
Ardingly College is a leading UK
co-educational independent school founded in 1858. It provides outstanding education for pupils aged between 2 and 18.
Ardingly Астана туралы
Ardingly Астана – беделді Ardingly UK бренді негізінде құрылған британдық мектеп.
Мектеп бес жастан бастап ұл және қыз балалар тамаша білім береді. Ardingly Астана-да оқушылар өздерінің білім беру жолын 1-сыныптан бастап, 13-сынып аяқталғанға дейін жалғастырады. Біздің міндетіміз – оқушыларға оқу мүмкіндіктерін толық пайдалануға, тұлғалық дамуға және болашақтарын қалыптастыруға ынталандыратын белсенді және жайлы ортаны құру. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп 1-6 сыныптар (5 жастан 10 жасқа дейін) балаларды қабылдай бастайды және нәтижесінде жыл сайын жоғары сыныптарды да қамтуды жоспарлап отырмыз.
We are now accepting applications
for Key Stage 1 (ages 5-6) and
Key Stage 2 (ages 7-10)
Қазіргі уақытта оқудың бірінші кезеңіне (5-6 жас) және оқудың екінші кезеңіне (7-10 жас) өтініштер қабылдануда.
2024 жылға қабылдау
Бірінші кезеңдегі білім беру
Бірінші кезеңде біз сауаттылықты фонетикаға негізделген қызықты тәсіл арқылы үйретеміз және математикалық есептерді шешуге және ғылыми дағдыларды дамытуға аса назар аударамыз. Сондай-ақ, оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, гуманитарлық ғылымдар, информатика, бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру және пайдалы-әлеуметтік ғылымдарды зерттейді. Біз балаларға ашықтыққа, мейірімділікке және сыйластыққа назар аудара отырып, қоғамда өмір сүру және жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды үйретеміз.
3 және 6 сыныптар
Білім берудің екінші кезеңінде негізгі пәндер – математика, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдарымен қатар қазақ және орыс тілдері, гуманитарлық ғылымдар, информатика, бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру және әлеуметтік-тұлғалық даму пәндерін де оқытамыз. Біздің мақсатымыз – балаларды төрт негізгі құндылыққа: батылдық, қызығушылық, жомарттық және тапқырлық танытуға және көрсетуге ынталандыру арқылы барлық оқушыларды орта мектепке дайындау.
1 және 2 сыныптар
Екінші кезеңдегі білім беру
Бала біздің тұрақты қоштауымыз бен қолдауымызбен әлемді танып, оны зерттеп, тәуекел етіп немесе батыл қадамдарға барғанда, ол тек тұрақтылықты ғана емес, сонымен бірге мызғымас сенімділікті де қалыптастырады. Қол жетпейтіндей көрінген нәрсе енді мүмкін болып қана қоймай оған жігерлі рух арқылы жетуге жақындай түседі.
Батыл бол
Біз қызығушылық танытуды - білімге деген ​​құштарлықты арттыратын ұшқын деп есептейміз және әр баланың бойындағы қызығушылықты ​​дамытуға тырысамыз. Бала сыныпта немесе одан тыс жерде болсын, өткен мен бүгінді зерттеуде немесе болашақты елестетуде болсын, біз сұрақтар мен ойлау амалдары арқылы оның қатысуын ынталандырып, түсінігін байытуға тырысамыз.
Қызығушылық танытыңыз
Біз оқушыларымызды өзара қарым-қатынастары туралы мұқият ойлануға шақырамыз, мейірімділік- бұл шын мәнінде құдіретті қасиет, бақыт әкелетін әмбебап тіл. Олар өздерінің іс — әрекеттерінің әсерін түсінген сайын, жомарттық материалдық құндылықтардан жоғары екенін түсінеді- бұл мейірімділікті, түсінушілікті және жанаршылықты бергеннен көбірек маңызды болып келеді
Жомарт бол
Өзіндік әрі шығармашыл болу- бұл өнертапқыш адамдарға тән қасиет, біз бұл қасиеттерді әрбір балада дамытуға тырысамыз. Біз оларға өз идеяларына деген сенімділік пен қауіпсіздік сезімін және олардың әдеттегіден тыс ойлау әлеуетін қамтамасыз етеміз.
Тапқыр бол
Өз әлемін қалыптастыру
Өз әлемін қалыптастыру – бұл оқушыларға орта мектептің «Әлемге дайындық» ​​мәдениетін енгізуге және оларды өмірге дайындауға мүмкіндік беретін сипаттамалар мен дағдыларды дамытуға бағытталған мақсаты бар бастауыш мектептің көзқарасы.
Бұл бастама біздің бастауыш мектепте оқушыларымыздың жолын қалыптастыруда әрі одан кейін тәуелсіздікке сенімді түрде қадам басқан кезде және орта мектепте 6-сыныптан кейін қиындықтарға дайындалуда маңызды деп санайтын төрт негізгі құндылықтарға негізделген.

Біздің бағдарлама оқушыларды төрт негізгі құндылықтарды бейнелеуге және көрсетуге ынталандыруға арналған: батылдық, қызығушылық, жомарттық және тапқырлық.
Сіз үшін Ашық есік күнінің артықшылықтары
Мектептің ашылу салтанатына қатысу бірқатар құнды артықшылықтарды ұсынады:
Балаңыздың мектепке түсуі бойынша жан-жақты пайдалы ақпарат аласыз.
1
Балаларыңыздың мектепке түсу бойынша эксклюзивті тарифтерін алып қолдана аласыз.
3
2024 жылдың қыркүйегіндегі қабылдау процесін білесіз.
2
Мектеп басшылығымен кездесіп, таныса аласыз.
4
Бағдарлама:
Келу / Тіркелу
10:30
11:00
Құттықтау сөзі
11:10
Ardingly Astana тұсаукесері
11:40
Сұрақ-жауап сессиясы
12:00
Консультациялар
Іс-шара барысында барлық кішкентай қонақтарымызға арналған қызықты іс-шаралар
Тіркеу нысаны
Деректерді енгізу арқылы пішінді толтырыңыз
Phone
WhatsApp